Жетімдер үйінің тәрбиеленушісі соққыға жығылды
15 сентября 2021
Алматыда «Жанұя» жетімдер үйінің тәрбиеленушісі соққыға жығылды. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбада бойжеткен қыздың жұдырық жеген сәтін анық көруге болады. Жанжалға тіпті орталықта жұмыс істейтін тәрбиешілердің өзі араша түсе алмай жатқаны видеоға жазылып қалған. Қорғансыз балаларды қорғап жүрген құзырлы органдар оқиға тамыз айында болған деп бастарын алып қашуда.