18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

ЖОҒАЛҒАН ТІКҰШАҚ ҚАШАН ТАБЫЛАДЫ?

Қарулы күштердің иелігіндегі ең бір стратегиялық құралдардың бірі — тікұшақ. Бірақ осы заманауи әуе көлігін құлатып-ақ тауысатын болдық. Өткен жұмада Отар маңында жоғалып кеткен Еурокоптерді әлі іздеп жатыр. Құтқарушылар кеше Сорбұлақ су қоймасының маңынан кішігірім бір бөлшегін тауыпты. Бірақ, қаңқасы ұшты-күйлі жоқ. Іздестіру жұмыстары күн-түн демей жалғасуда. Тіпті жоғалған бір экипаж мүшесінің бауыры да Шымкенттен келіп, арнайы операцияға қатысып жатқан көрінеді.

X