Жоғары вольтты сымдар кінәлі: көшедегілердің бәрі онкологиядан қайтыс болды
3 февраля 2021
Электр сымдарынан тараған магнитті сәулелер бізді қырып бітетін болды. Арнамызға базынасын айтқан елорда тұрғындары 90 жылдардың соңында көшелеріне тұрғызылған жоғары кернеулі бағаналар өмірлеріне қауіп төндіріп жатқанын айтады. Жұрт мәселесін айтып қала әкімінің қабылдауына бірнеше жылдан бері кіре алмай жүр екен. Ал, соңғы уақытта Байқоңыр ауданында қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың қатары артыпты.







