ЖОЛ АПАТЫНАН 12 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
23 октября 2025
Тас жолда талқан болған тағдырлар! Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Арасында 3 жасар бала бар. Сұмдық жол апаты Әйтеке би ауданындағы Белқопа ауылының тұсында болды. Қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.







