14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Жол белгілері талапқа сай келмейді

Еліміздегі жол көлік оқиғаларының басым бөлігі жол белгілерінің дұрыс қойылмағандығынан немесе сапасыздығынан болады. Мұндай статистиканы Ұлттық сапа орталығының басшысы Замир Сағынов келтірді. Оның сөзінше, тексерістен өткізілген 5 мың белгінің 46%-і стандартқа сай келмейді екен. Осы ретте қаладағы айрықша белгілер қалай әзірленетінін білмек болып, кәсіпорындарға бардық. Жалпы стандарт деген не? Белгі қандай болуы керек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жол белгісі жоқ жерде әйелді қағып кеткен.

Бұл — күні кеше Жағалау тұрғын алабында болған оқыс оқиға. Шыңғыс Айтматов көшесінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Кейін белгілі болғандай, 53 жастағы әйел жарығы да, жол белгісі де жоқ жерде кетіп бара жатқан. Жарақат алған тұрғын ауруханаға жеткізілді. Мұндай жол белгілерінің кесірінен қайғылы жәйттер көбейгенін Ұлттық сапа орталығының мамандары да растайды. Сол себепті, қаладағы бірқатар қондырғыларды тексеруден өткізген. Нәтижесі көңіл көншітпейді.

АМАНЖОЛ НҰРБҰЛАН, ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
«Қазан айынан бастап осы Нұр-Сұлтан қаласының көшелеріндегі жол таңба белгілерін тексеру жұмыстары жүргізілді. Мысалы, Тұран даңғылынан Мұхамедханов даңғылы бойынша 100-ден астам жол белгілері тексеріліп, соның ішінде нормативтік құжаттарға сәйкес келмейтін бірнеше жол белгілері анықталды».

Жалпы, елорда аумағында қаланы қажетті жол белгілермен қамтамасыз етіп отырған 10-нан аса кәсіпорын бар. Барлығы жұмыс қуаттылығына байланысты ірілі-ұсақты тапсырыстарды қабылдайды. Әр мекеменің жауапты аудандары бар екен.

Біз қазір Елордада күнделікті көріп жүрген жол белгілерін дайындайтын цехқа келдік. Мұнда дайын өнім көшеге онатылмастан бұрын, 10 түрлі процесстен өтеді екен. Ол кесіледі, сурет жабсырылады. Одан бөлек пресстеледі, бұл жерде дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп, ең соңында боялады. Тек содан кейін ғана дайын өнім күйіне енеді. Бірақ, мамандардың сөзінше, қала көшелеріндегі көптеген жол белгілері стандарттарға сай келмейді екен».

Жалпы стандарт дегеніміз не? Оған сай келетін жол белгілері жерден 2-2,5 метр биікте орналасуы тиіс. Түн мезгілінде жарыққа шағылысып, 100 метр қашықтықтан жүргізушіге анық көрінуі қажет екен.

АНТОНИНА КОЛОСОВА, ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ:
«Бұл жол белгілерін дайындау кезінде әр см, әр мм үлкен рөл ойнайды. Барлығы талапқа сай болуы тиіс. Негізі, стандарт деп жатқанымыз түнгі уақытта белгілердің жүргізушіге көрінуі. Ол үшін қымбат жапсырмаларды пайдаланамыз. Кем дегенде 10 жыл қызмет етеді. Осыны көп өндірушілер елемейді, арзан дүниелерді орната салады. Бейқамдықтан, жол көлік оқиғалары тіркеледі».

Бұл кәсіпорында қазір пандемияға қарамастан жұмыс қызып тұр. Себебі, тапсырыс көп. 50 адам ауысыммен еңбек етеді екен. Айтуларынша, өнімдері барлық жоғарыда айтылған талаптарға сай келеді-мыс. Сол жағалаудың біраз бөлігін арнайы белгілермен қамтамасыз етіп отырған көрінеді.

БОЛАТ ТОЙМАҒАМБЕТОВ, ДӘНЕКЕРЛЕУШІ:
«Енді, 150 кей кезде 200 жол белгісін істейміз. Заказға байланысты. Заказ болған кезде жақсылап істейміз. Металл ғой, полторашка дейді, 0,8 дейді. Солардан істейміз. Басқа да жұмыстарды істейміз. Далада тұратын аркалар соларды істейміз электросваркамен».

Ал, жыл сайын тек жол белгілерін елемеген жүргізушілердің кесірінен 60-қа жуық апат болады екен. Жол сақшылары осы статистиканы төмендету үшін, қала ішіндегі және қалааралық трассалардағы белгілердің жағдайына тұрақты түрде мониторинг жасап жүреді.

АРМАН ӘБІЛҚАСЫМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
«Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жол-көлік белгілерін елемегеннен шамамен орта есеппен 50-60 жол көлік оқиғасы тіркеледі. Жаяу патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті нұсқамада, басшы тарапынан осындай жол белгілерін орнатпаған көшелерді анықтау үшін тапсырмалар беріліп отырады үнемі. Ол бойынша біз тиісті мекемелерге хат жолдап отырамыз орнату бойынша».

Жалпы жол белгілерінің 3 түрі бар. Әлемде ең кең тараған, сұранысқа ие алмазды жапсырмасы бар белгілер. Оның бағасы қымбат болғандықтан, көп өндірушілер шикізатты Қытайдан алдыратын көрінеді. Ол сәйкесінше, күнге тез оңып, түсін жоғалтады. Көп бөлігінің стандартқа сай келмейтіндігі сондықтан дейді, — мамандар.

X