Бүгін таңертең Тегераннан Киевке бағыт алған әуе көлігі апатқа ұшырады. Украинаның әуекомпаниясына тиесілі Боинг-737 лайнері әуежайдан көкке көтеріліп, 2 минуттан кейін апатқа ұшыраған. Кеме бортында 167 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болыпты. Алдын-ала мәлімет бойынша ұшақтың қозғалтқышынан өрт шыққан. Алайда, кейбір сарапшылар әуе көлігіне қасақана шабуыл жасалды дегенді де жоққа шығарып жатқан жоқ. Ал, Парсы шығанағының үстінен ұшып өтетін Отандық жолаушыларға қандай да бір қауіп бар ма?
Жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Дата: 08.01.2020