Жолдар жабылып, мыңдаған адам құтқарылды
8 февраля 2021
Ескертуді елемей, көлігімен алыс жолға шығып кеткендер қиын жағдайға тап болып, көмек шақыртуға мәжбүр. Қарлы боран көзді байлап, көктайғақ темір тұлпарды ала қашқанда бір-біріне соғылып, қирап қалып жатқан жағдайлар жиілеп барады. Бес-алты көлік түйіскенде өртеніп кеткендері де бар. Бір ғана Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытында жанын шүберекке түйіп жолға шыққан 800 жүргізуші қар құрсауында қалып қойған. Ауа-райының қолайсыздығынан төтенше жағдайлар министрлігінің жанында жедел штаб құрылды.