Жолдың жайы жақсы емес
8 октября 2021
Батыс Қазақстан облысында жолға жауапты мекемелердің қысқы маусымға әзірлігі көңіл көншітпейді. Күре жолдарды күтіп ұстайтын коммуналдық кәсіпорындарда тиісті техника тапшы, қажетті қаржы да толық бөлінбеген. Соның салдарынан өткен жылғыдай жол апаттары жиілеп, қайғылы оқиғалардың қатары арта ма деген қауіп зор.