Жолсеріктер жанайқайларын жеткізді

Жекенің қолына өткелі жағдайымыз мүшкіл! Маңғыстау-Ақтөбе бағытындағы пойыз жолсеріктері журналистерге жанайқайын жеткізді. Компания басшылығы еңбек-келісім шартын сақтамағаны былай тұрсын, қатынап жүрген вагондарының сапасы сын көтермейді дейді. Жауапты басшылар былыққа қазір назар аудармаса жолаушылардың өміріне қауіп тұр деп дабыл қағуда.

X