14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Жыл соңына дейін бес мың жас отбасы баспаналы болады

Жыл соңына дейін ел аймақтарындағы бес мыңнан астам жас отбасы баспаналы болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов осылай деді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Арнайы жиынға қатысқан шенеунік өткен жылы жұмыс істеп жүрген жастарға Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларынан 3 мың жалдамалы пәтердің кілті табысталғанын айтты. Бұл үрдіс биыл да жалғасын таппақ. Бірақ берілетін үй саны біраз артады, дейді.

ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«»Жастар жылы» аясында «Жұмыс істеп жүрген жастарға жалдамалы пәтер» жобасы қолға алынды. Мысалы аймақтарда былтыр 3 мың пәтерге кірді.  Ал, 2021 жылға дейін тағы 9 мың баспана кілті жастарға табысталмақ. Ал, аймақ деңгейінде биыл 5 546 жас отбасы қоныс тойын тойлайды».

X