Жылқылары қырылғандардың шығынын кім өтейді?

Біздің шығынды кім өтейді? Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жылқылары белгісіз індеттен үйірлеп арам қатқан мал иелері үкіметтен көмек сұрайды. Біз бұл жайтты екі апта бұрын көрсеткен болатынбыз. Ем-дом жүргізгенімен малдарын өлімнен алып қала алмай жатқан жаңақорғандықтар шарасыздықтан жергілікті биліктен көмек сұраған еді. Мал дәрігерлері бұл індеттің жұқпалы еместігін сөз етіп, есті малдың шығынына өтемақыдан бас тартты. «Күн суытса болды бұл ауру өздігінен тоқтайды» деген мамандардың сөзі расталмады.

X