ЖЫЛУ МӘСЕЛЕСІНЕН ҚҰТЫЛАМЫЗ БА?
28 октября 2025
Енді, жылу берді ме жоқ па деп, батареяларды ұстап жүрмейсіз. Елімізде ғимараттың жылыту маусымына дайындығын бақылайтын цифрлық жүйе іске қосылады. Осы арқылы қай нысан қысқы маусымға сақадай сай екенін тексеруге болады. Бұл жүйе үй-үйді кезіп, табанынан тозатын комиссияның уақытын 90 күнге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді екен. Сондай-ақ, қақаған қыста жиі тіркелетін апаттардың санын да 25% қысқартады-мыс.







