14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Жылу үшін елде жоқ тариф төлеп отырмыз!

Семейдегі «Қарағайлы» ықшамауданының  тұрғындары «ақылды үй» аламыз деп алданып қалдық дейді. Айтуларынша жаңа баспаналарына  бас сұғарда,  жылуды есептеуіш құрылғы үшін қалталарынан қосымша қаржы шығарыпты. Алайда, сол құрылғылардың шаң басып тұрғанына екі жылдам астам уақыт өткен. Есесіне, жылуға тариф бойынша шектен тыс қымбат төлеп жүр екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жылу үшін келген есеп-шоттарын жарыса алып шыққан бұлар «Қарағайлы» ауданындағы 34 үйдің тұрғындары.  Былтыр олар жылуға арнайы есептеу құрылғысы арқылы төлесе, биыл тариф бойынша есептесуге мәжбүр. Айырмашылығы жер мен көктей екен.

ГҮЛСАРА АМАНДОСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Былтыр мен теплоға 5-6 мың төлейтінмін, биыл екі есе келді.  Енді мен білмеймін, қалай төлейтінімді. 84 мың ипотека, свет, су сонымен 100 мыңнан асады. Енді айтыңдаршы қалай төлеуге болады бізге».

34-ші үйдің отыз пайызы мемлекеттен баспананы  жалға алған көпбалалылар мен жарымжан жандар. Олар үшін жылу бағасы қиямет қайымға айналыпты.

ӘСЕЛ ҚАРАМСАҚОВА,  КӨПБАЛАЛЫ АНА
«Мынау бірінші рет 13 мың шықты. Былтыр да солай шыққан сосын бізде қайта есептеп берді. Қазір қайта есептесе  теплокоммунэнерго риза боламыз».

АЙТБҮБІ АЙСАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА
«Пенсиямды біресе былай тартамын, біресе былай тартамын. Тамақ ішпесем де төлеймін мынаны. Өйткені өз бетіммен сатып алып тұрған жоқпын. Қаржым жоқ, қаржым болса мында не істеймін. Тып-тыныш үйінде отырмаймын ба?».

Жаңа ықшам аудандағы  баспаналар «ақылды» үйлер қатарына жатады. Үй тұрғындары сол себепті бұл жақтан тұрақ таптық дейді. Баспана алар кезде, қосымша есептегіш құралдар үшін де  ақы төлепті. Алайда,  екі жылдың ішінде  жылуды есептеу құрылғысының біреуі де іске қосылмаған. Қашан қосылатыны да белгісіз.

СӘУЛЕ ЖАҚСЫБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Осы айда маған тепло келіп тұр по тарифу. Хотя мына үйді мен алдым умный дом деп алдым. Бұл үйдің бағасына қосылып тұр счетчик по теплу деген бар. Ал біз плотим по тарифу. Хотя бізде бар общий домовой счетчик. Міне біз сол үшін шықтық. Хотя бы по домовому счетчику төлеуге деп. Проблеманы солай решать етіп отырмыз.  А хотя подъезде бар счетчик әр үйге».

Түбіртектеріндегі сомаға қараған сайын қан қысымдары көтерілетін қарағайлықтар әкімдіктен бір қайыр болар деп отыр. Алайда атқарушы орган өкілдері тұрғындар Пәтер иелері кооперативімен келісімге келіп, өз жыртықтарын өздері жасамасын дейді.

ҚҰРАЛАЙ ДҮЙСЕНБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
«Үйді жылуға дайындау керек. Ең бірінші сол есептеу құралдарын мемлекеттік тексеруден өткізу керек. Ол 4 жылда бір рет жасалады. Оған қызмет көрсететін арнайы мекемемен келісім шартқа отыруы керек. Сол жағдайда ғана барлық есептеулер дұрыс жүргізіледі. Сәйкесінше адамдарға есептеме келіп отырады».

Көпқабатты  үйдің тұрғындары не өздері кооператив құруы тиіс не осындай ұйымның көмегіне жүгінуден басқа амал жоқ. Ұйымдаса отырып шаруаны тындырмаса жалпы тариф бойынша жылуға төлеп отыра береді.

X