Жыртқыштар бүтін бір ауылдың қой-қозысын қырып жатыр
23 апреля 2021
Жамбыл облысында бүтін бір ауылдың малын қорада тұрған жерінен белгісіз жыртқыштар жеп кетіп жатыр. Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылының тұрғындары адам көзіне түспейтін төрт аяқтылар төрт түлігімізді түгел қырып бітетін болды дейді. Бірнеше күн бұрын түн ішінде бір тұрғынның қорадағы 13 қозысына шабуылдып, шайнап кетіпті. Жұрт малының амандығынан бөлек қазір өз өмірлеріне қауіптенетін болған. Көпшіліктің олай ойлауына негіз де жоқ емес секілді.