Мобильді аударымдардың лимиті ұлғаюы мүмкін. Салық органдары шекті соманы қайта қарау қажет деген шешімге келген.
Қолданыстағы ережеге сәйкес, егер жеке тұлғаның шотына қатарынан үш ай бойы 100-ден астам адамнан тұрақты түрде аударым түсіп, оның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса, банктер бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіне хабарлайды.
Алайда Ұлттық экономика министрлігі ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру мәселесін талқылап жатқандықтан, жауапты органдар аударымдар лимитін қайта қарауды ұсынып отыр.
Салық органдарының мәліметінше, жаңа шекті көрсеткіш 1 миллион 800 мың теңге деңгейінде белгіленуі мүмкін. Бұл азаматтардың қаржылық операцияларын бақылау тәсілін жеңілдетіп, оны табыс деңгейіне сәйкес реттеуге бағытталған.
Нұрай Құрақпай