Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Жалған ақпараттың жазасы ауыр

Қалжыңдаймын деп, қапасқа қамалуыңыз мүмкін. Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде қандай ақпарат таратқандар заң алдында жауапқа тартылатынын түсіндірді.

Әсіресе Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес, терроризм туралы жалған ақпарат таратқандарға қатаң жаза қарастырылған. Өйткені мұндай хабарламалар қоғамда үрей туғызып, әлеуметтік нысандардың жұмысына кедергі келтіреді.

БЕЙБІТ БІРЖАНОВ, ҚР ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Жарылғыш зат қою немесе қоғамдық қауіпсіздікке өзге де қауіптер туралы жалған ақпаратты байланыс құралдары, интернет-ресурстар, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тарату фактілері тіркелуде. Мұндай әрекеттер әзіл, қалжың ретінде жасалса да, қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланады. Бұл қылмысты жасағаны үшін заңнамаға сәйкес бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

Ақбаян Сұлтанмұратова

← Барлық жаңалықтар