Қазақстан тұрғындарының өмір сапасына қанағаттану деңгейі жоғары елдердің қатарында бірден 10 сатыға көтерілді. Қазір еліміз 33-орында тұр. Бұл — Қазақстанның аталған зерттеуге қатысқан уақыттан бергі ең жоғары көрсеткіші.
Сарапшылар елдерді алты негізгі көрсеткіш бойынша бағалаған. Оның ішінде халықтың табыс деңгейі, әлеуметтік қолдау, өмір сүру ұзақтығы, таңдау еркіндігі, жомарттық және жемқорлықты қабылдау деңгейі ескерілген.
Зерттеуге барлығы 147 мемлекет қатысқан. Соның ішінде Қазақстан Франция мен Сингапур секілді дамыған елдерді артта қалдырып, ТМД және Орталық Азия мемлекеттері арасында көш бастап тұр.
Сарапшылар Қазақстанның рейтингте жоғарылауын әлеуметтік ахуалдың жақсаруымен, қоғамдағы өзара қолдау сезімінің күшеюімен және өмір сапасына қанағаттану деңгейінің артуымен байланыстырады.
Нұрай Құрақпай