Мазмұнға өту
· 5 қаралым

«Бозжыра» шатқалы танымастай өзгеріп жатыр

Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалына енді туристер бұрынғыдан да көптеп ағылуы мүмкін. Әлем жұртын тамсандырған бұл табиғи аймақта туристерге арналған визит-орталықтың құрылысы аяқталып, осы айда пайдалануға берілмек.

Сонымен қатар тағы екі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Алдағы жылдары көрсе көз тоймайтын табиғат аясында этнокафелер мен мейрамханалар салу жоспарланған.

Жалпы, туристерге қолайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылымды дамытуға 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Сондай-ақ жаңадан 60-қа жуық жұмыс орны ашылады.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар