Былтыр мыңға жуық ер адам психологтың көмегіне жүгінген. Олар мұндай шараға әйеліне күш қолданғаны үшін жіберілген.
Үкімет мұны тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жоспары мен агрессорларға психологиялық көмек көрсету ережесі аясында жүргізілген жұмыстың нәтижесі деп бағалайды.
Айта кетейік, өткен жылдан бастап әйелдерге қол көтергендерге қатысты жаза қатаңдатылды. Бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар қылмыстық санатқа ауыстырылды.
Сондай-ақ агрессорды үйден шығару немесе бір жыл бойы психолог маманға барып, түзету курсынан өту сияқты талаптар да күшейтілді.
Маржан Нүсіпбек