Астанада есірткі өндіруге арналған ірі қойма табылды. Онда синтетикалық есірткі дайындауға қажетті 4 тонна прекурсор сақталған. Қауіпті заттар 200 канистрге құйылған.
Полицейлер қойманы жедел-іздестіру шаралары барысында әшкерелеген. Жалпы, жыл басынан бері құқық қорғау органдары осындай 11 тонна зиянды затты тәркілеген.
Мамандардың айтуынша, тәркіленген прекурсорлардан шамамен бір жарым тонна синтетикалық есірткі өндіру жоспарланған.
ҚУАНДЫҚ ӘЛЖАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ішкі істер министрлігі еске салады: прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Есірткі өндіру мен таратуды ұйымдастыруға бағытталған кез келген әрекет қолданыстағы заңнама аясында міндетті түрде тоқтатылады.
Рамазан Палмағанбет