Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Шенген визасын алу жеңілдейді

Еуропаны еркін аралауды армандайтындар үшін жағымды жаңалық. Жақын арада «Шенген визасын» алу жеңілдеуі мүмкін. Қазір Еуропалық одақ елдерімен тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Әлібек Бақаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақстандықтар виза талаптарынан толық босатылмайды, алайда оны алу тәртібі айтарлықтай жеңілдейді.

Виза рәсімделген жағдайда, азаматтар Шенген аймағына кіретін елдер арасында еш кедергісіз еркін қатынай алады.

ӘЛІБЕК БАҚАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әңгіме қазақстандықтарды виза алудан босату туралы емес, талаптарды жеңілдету жайында. Бұл өте маңызды. Еуропа елдеріне виза алу әлдеқайда оңай болады. Құжаттарға қойылатын нақты талаптар да реттеледі. Сондай-ақ біз оның көп мәртелік түрі мен бағасын арзандату бойынша мәселелерді қарастырып жатырмыз. Тұрғындарды қызықтыратын барлық негізгі параметрлер ескерілуде.

Нұрай Құрақпай

← Барлық жаңалықтар