Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада «Astana Eurasian Book Fair — 2026» халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды. Шарада отандық ақын-жазушылармен қатар, бауырлас елдердің қаламгерлерінің туындылары да ұсынылған. Олардың арасында жаңадан жарық көрген кітаптар да бар.

Іс-шара аясында оқырмандар мен авторлар еркін жүздесіп, шығармаларды талқылап жатыр.

Жәрмеңкеде жерлесіміз Маржан Ершудың «Жалғыз қол» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Туындыда Екінші дүниежүзілік соғыста бір қолынан айырылған кейіпкердің қажыр-қайраты баяндалады.

МАРЖАН ЕРШУ, КІТАП АВТОРЫ:

Бұл кітапты оқыған адам үлкенді сыйлау керек екенін, еңбектің құдіретті күшін, адал еңбектің ешқашан жерде қалмайтынын түсінеді.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар