Алматыда жыл басынан бері жүргізушілерге 324 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.
Жол полициясы көлікті дұрыс тұраққа қоймағандарға қатысты бақылауды күшейткен. Кейбір жүргізушілер көліктерін көгалға, жаяу жүргіншілер жолына және бордюрлардың үстіне қойып кететін жағдайлар жиі кездеседі.
Нәтижесінде, жол ережесін бұзып, өзгелерге қолайсыздық тудырған 15 мыңға жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Тіпті, өрескел құқық бұзушылық жасағандардың көліктері арнайы айып тұрағына жеткізілген.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ретсіз қойылған автокөліктер жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметінің аулаға кіруіне кедергі келтіреді. Осыған байланысты олар қала тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Ұлан Тәліпбай