Мазмұнға өту
· 26 қаралым

Бөліп төлеу қарыздық жүктемеге қосылуы мүмкін

Бөліп төлеу арқылы алынған тауарлар енді ресми қарыз ретінде есепке алынуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен қаржылық реттеуші органдар «бөліп төлеу» жүйесін толық бақылауға алуды жоспарлап отыр.

Егер жаңа заң қабылданса, тұрмыстық техника, смартфон немесе өзге де тауарларды бөліп төлеуге рәсімдеу азаматтардың жалпы несиелік жүктемесіне автоматты түрде енгізілуі ықтимал.

Соның салдарынан мұндай қаржылық міндеттемелер болашақта ірі несие немесе ипотека рәсімдеуге әсер етуі мүмкін.

Әзірге бұл бастама талқылау кезеңінде. Мамандардың пікірінше, мұндай өзгерістер халықты шамадан тыс қарыздан қорғауға бағытталған.

Үсен Астана
← Барлық жаңалықтар