Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Президент бостандық күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасы Президенті Сирил Рамафосаны Бостандық күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы әріптесіне және Оңтүстік Африка халқына ізгі тілегін жолдады.

27 сәуір — бұл ел үшін тарихи маңызы зор күн. Дәл осы күні нәсілдік кемсітушілік режимі ресми түрде аяқталып, мемлекет тарихында алғаш рет жалпыхалықтық демократиялық сайлау өткен болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасын Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Президент Сирил Рамафосаға толайым табыс, ал Оңтүстік Африка халқына бақ-береке тіледі.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар