Атыраудың экологиясы жақсарайын деп тұр. Өйткені қалада қоқыс өңдейтін зауыт ашылмақ. Қазір қытайлық инвесторлардың қатысуымен «Евразия» жеке индустриялық аймағының құрылысы басталды. Құны 120 миллион доллар тұратын алып нысанның арқасында алты жоба жүзеге аспақ. Қазіргі уақытта темірбетон бұйымдарын өндіретін орын салынып жатыр. Ал өнімдер Ресейге, Орталық Азия мен Таяу Шығысқа экспорттауға бағытталған. Атырау — Доссор тасжолы бойында салынатын кәсіпорынның жалпы аумағы 261 гектар. 1300 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жобаны іске асыру 2031 жылға дейін жоспарланған.
ВЕЙБО ЛАН, «ЕВРАЗИЯСТРОЙКАПИТАЛ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біздің Атырауда кеңес кезеңінен келе жатқан қоқыс полигоны бар. Оны бақылауда ұстағанымен, жиі өрт шығып жатады. Сондықтан біз қалдықты жағып жіберетін емес, қайта өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отырмыз. Қазір қоқыс полигонымен байланыс орнатып жатырмыз. Қытайдан келген компанияның да көздегені осы. Сәті түссе, күніне 1000 куб қоқысты кәдеге жаратуға мүмкіндік бар.