Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өткен халықаралық технологиялық көрмеге барды. Президентке Al-Farabium суперкомпьютерінің мүмкіндіктері мен байланыс орталықтарында алаяқтарды анықтайтын жасанды интеллект жобалары таныстырылды. Сапар аясында Мемлекет басшысы Алматының ІТ экожүйесімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін цифрлық шешімдермен танысты. Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылыми музейді аралап, жас буынның білім алу жағдайын бағамдады. Әлемдік технология көшбасшылары қатысқан бұл шара Қазақстанның цифрлық хаб ретіндегі әлеуетін тағы бір мәрте айқындап берді. Сондай-ақ көрме барысында банк саласындағы цифрлық активтер мен Қазақстан қор биржасында қаржы құралдарын токен түрінде пайдалану жоспарлары да пысықталды.