Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Президент әкімшілігінің басшысы ауысты

Президент әкімшілігінің басшысы ауысты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бұл лауазымға Роман Скляр тағайындалды. Бұл – төрт жылдан астам уақыт Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған Склярдың саяси мансабындағы ең үлкен қызметі. 54 жастағы шенеунік осыған дейін мемлекеттік қызметтің талай сатысынан өткен. Кезінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды. Ал бүгінге дейін Президент әкімшілігін басқарып келген Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысыпты. Енді ол қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады.

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ, БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ АЙБЕК СМАДИЯРДЫҢ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІНЕН:

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді. Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады.

← Барлық жаңалықтар