Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Ердоған Астанаға келді

Осы апта бас қаламыз тағы абыр-сабыр болғалы тұр. Бұл жолы Ақордаға мемлекеттік сапармен Режеп Тайип Ердоған келейін деп жатыр. Түркия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыртуымен елімізге 13 мамыр күні табан тіреп, Астанада 2 күн аялдайды. Кездесу барысында қос тарап екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды екен. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді. Ал 15 мамырда мәртебелі мейман Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммитіне қатысады. Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.

← Барлық жаңалықтар