Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Ауа-райы күрт өзгереді

Осы апта еліміздің біраз өңірінде күн райы күрт өзгерейін деп тұр. Қазгидрометтің болжамынша, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ пен дауыл күтіледі екен. Солтүстік аймақтарда қатты салқындап, желдің екпіні күшейеді деседі. Ал шығыста аспан бұлттанып, жаңбыр себелесе, батыста негізінен жылы ауа райы сақталады дейді синоптиктер. Бас қалада бұлтты күн райы бір аптаға созылады екен.

← Барлық жаңалықтар