Шымкентте жас жігіт қылмыс үстінде қолға түсті. Күдіктіні тексеру сәтінде 40-қа жуық психотроптық зат салынған орама табылып, тәркіленді. Ол қаланың аумағында есірткіні арнайы жасырын орындарда қалдырып, координаттарымен мессенджер арқылы бөлісіп отырған. Сонымен қатар ұсталған азамат қабырғаларға тыйым салынған затты сататын интернет ресурстарды жарнамалайтын граффити салумен де айналысып жүргені белгілі болды. Қазір ол қамауға алынып, үстінен тергеу басталыпты.