Жас келсе – іске. Ақтөбеде жастар ресурстық орталығының белсенділері керемет бастамаға ұйытқы болды. Қаладағы саябақтарда қираған, бұзылған заттарды жөндеуге кірісіпті. Кейін игі іске біз де атсалысайық деп колледж студенттері қосылған.
Бірі дәнекерлеуші, енді бірі ағаш шебері болып, қолдары қалт еткенде шаһардың ішін бір шолып шығады. Және бір қызығы, бұл жұмыстары үшін ешкімнен ақы сұрамайды. Қаламыздың көркеюіне қосқан үлесіміз, әрі өзгелерге үлгі болса екен дейді.
АБЫЛ КЕНЖЕБЕК, СТУДЕНТ:
Парктегі қираған, бұзылған нәрселерді жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Өзіміз студент болсақ та, осы жұмыстарды кішкене болсын, өзіміздің қолымыздан келген нәрселерді, барынша көмегімізді тигізіп жатырмыз деген ойдамыз.
Бұл бір реттік шара емес. Жастар қаланың өзге саябақтарын да абаттандырмақшы. Спорт, ойын алаңындағы сынған орындықтарды сырлап, жөндеп, қалпына келтіреді.