Түркістан облысы, Арыс қаласында ағайынды екі жігіт есірткі өндірген. Заңсыз зертхана рейд барысында анықталды. Жедел іздестіру кезінде қолға түскен күдіктілердің үйін тексергенде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон және бір жарым тонна прекурсор табылды. Онымен қоса реактор, колбалар мен өндіріске қажет өзге де құрал-жабдық тәркіленді. Қазір ағайындылар қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған.
ЕЛДАР ӘБДІКЕНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.