Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Семейліктер «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қоқыстың көбі – тұрмыстық қалдықтар. Сондықтан әркім немқұрайлы қарамай, жан-жағын шашпай, жауапкершілік танытса екен дейміз. Осылай деген Абай облысының жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында қолына күрек пен тырма алып, айналаны жинап шықты. Науқанға қатысушылар тазалықты сақтау әр адамның өз қолында екенін көрсетіп, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге атсалысты.

ЕРСІНБЕК ӨРЛЕУБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ОРТАЛЫҒЫ – ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ ӘДІСКЕРІ:

Әрине, қала тазалығына үлес қосу – барлығымыздың міндетіміз. Осы қаланың тұрғыны болғандықтан, бұл біздің азаматтық парызымыз десек те болады. «Таза Қазақстан» бағдарламасы тек қоқыс жинаудан тұрмайды. Қоқыс шашпаудан да тұрады. Осыны да тұрғындар ескерсе екен дейміз. Кері байланыс ретінде жауапкершілікпен ортасына қарауы, айналасына қоқыс шашпау деген дүниелерді дұрыстап сақтаса екен деген ниеттеміз.

← Барлық жаңалықтар