Мазмұнға өту
· 4 қаралым

ІІМ оқушылар мен студенттерге үндеу жасады

«Көп ақша төлейміз» дейтін ұсыныстардан сақ болыңыз! Ішкі істер министрлігі студенттер мен оқушыларға үндеу жасады. Құзырлы орган каникул бастала сала жастар жұмыс іздеп, түрлі қылмысқа ұрынып жататынын мәлімдеді.

Әсіресе интернетте және әлеуметтік желілерде тез әрі оңай табыс табуға болатын ұсыныстар жиі кездеседі. Бірақ ол есірткі тасымалдау, тарату, сондай-ақ насихаттау мен жарнамалау сияқты заңсыз әрекеттер болуы мүмкін. Сондықтан күмәнді жұмыстардан барынша бас тартуға шақырды.

ҚУАНДЫҚ ӘЛЖАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Есірткіге қатысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін. Бір ғана «жеңіл табыс» бүкіл өміріңізге балта шабуы мүмкін. Егер сізге күмәнді жұмыс ұсынылса, бірден бас тартыңыз. Жылдам табыс иллюзиясы үшін басыңызды қатерге тікпеңіз. Саналы таңдау жасағаныңыз абзал.

← Барлық жаңалықтар