Астанаға Режеп Тайып Ердоған келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Түркия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен елімізге арнайы ат басын тіреп отыр. Бауырлас елдің басшысы елордада екі күн аялдап, қос тарап Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Одан соң мәртебелі мейман 15 мамырда Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммитіне қатысады.