Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Ақтөбелік оқушылар құстарға қамқорлық танытты

Айналамен үндестікте өмір сүруді ақтөбелік оқушылардан үйрену керек. Олардың қанаттыларға қамқорлығы көпке үлгі. Қаладағы №8 мектептің балалары білім ордасының ауласындағы тал-теректің басына ұя жасады. Бұл бастамаға ата-аналары да көмектесіпті. Оқушылардың қиялында шек жоқ. Жемсауыт пен ұяның небір түрін дайындаған.

ӘСИЯ БАЛТӨРЕЕВА, ОҚУШЫ:

Құстарға қамқор жасау керек, құстар табиғатты қорғайды. Олар ағаштан зиян жәндіктерді жеп қояды. Біз жем шашып тұратын боламыз құстарға. Өйткені құстар — бейбітшілік құстары. Олар бізге пайда береді, бұрынғы заманда хат алып келетін еді олар елдерден. Хат тасып, бейбітшілік құсы болып атанды.

Тәрбиелік іс-шара болған соң, мектеп басшылығы табиғат аясындағы сабаққа ата-аналарды да шақырыпты. Олар балаларымен бірге тәлімбақта өсіріп жатқан құстарды тамашалады. Бастауыш сыныптағылар қанаттыларға қамқорлық танытса, жоғары сыныптың оқушылары айналаны көгалдандыруға жұмылыпты. Биыл мектеп бітіретін түлектер қолына кетпен, күрегін алып, мектеп ауласына тал-терек, гүл егіп жатыр.

КЕНЖЕГҮЛ ЖҰМАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өзіміз қолымызға ұстап келе жатқан сусынымыз болсын, қандай болсын қоқысымызды жәшікке салып, яғни сұрыптау — барлығы өзімізге байланысты. Неге? Себебі әр адамның әр іс-әрекеті қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін білдіреді деп ойлаймын.

← Барлық жаңалықтар