Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Павлодарлық полицейлер желі жұлдызы болды

Погондағы махаббат. Павлодарда жас полицей бүкіл ұжымның алдында әріптесіне сөз салып, әп-сәтте желі жұлдызына айналды. Қос ғашық қызмет барысында танысыпты. Екеуі де Павлодар облысы Тереңкөл ауданының полиция бөлімінде жұмыс істейді. Сөз салуды жас жігіт тура сүйіктісінің туған күніне қарай ойластырыпты. Түгел ұжымын акт залына жинап, қызына сезімін білдіріп, артынша өмірлік серігі болуға ұсыныс айтқан. Күтпеген сұраққа әріптесі де кідірмей, бірден «иә» деп жауап қатыпты. Енді алдағы уақытта керекулік сақшыларды той күтіп тұр.

← Барлық жаңалықтар