Танымал актёр Еркебұлан Тоқтар жол апатына түсті. Бұл туралы өнер иесі өзінің желідегі парақшасында жазды. Видеодан актёрдің мотоциклі алдында тұрған жеңіл көлікке соғылғанын көруге болады. Сәтін салғанда, қос тізгінші де дін аман. Тек темір тұлпар ғана бүлініпті. Еркебұлан Тоқтардың өзі бұл жайттан үлкен сабақ алдым дейді.
ЕРКЕБҰЛАН ТОҚТАР, АКТЁР:
Құдай сақтады бүгінше. Бұл жағдайды мен былай түсіндім. Азартына кірме деді ғой Алла тағала. Жай көрсетті. Түсінбей қаласың, қалай авария болғанын. Машинаңа отыр да, тірлігіңді істе деді ғой.