Мазмұнға өту
· 5 қаралым

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

Елімізде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды. Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. Өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін қабылданады. Одан кейін екі кезеңнен тұратын байқау жаздың ортасына дейін жалғасады. Қорытынды бойынша әр өңірден үздік деп танылған бір әулет лауреат атанады. Жарыс адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге, отбасының қоғамдағы беделі мен маңызын нығайтуға бағытталған.

← Барлық жаңалықтар