Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Онлайн құрбан шалуға болады

Биыл да үйден шықпай-ақ онлайн құрбан шалуға болады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл мақсатта арнайы сайтты іске қосты. Онда қаражатыңызға қарай қой немесе сиыр таңдауға мүмкіндік бар. Уақ малдың құны – 125 мың, ал ірі қара – 875 мың теңгеге дейін саудаланады. Зеңгі баба тұқымын жеті адамға дейін бірігіп алуға болады. Тапсырыс берілгеннен кейін құрбандық шалынып, оның фото және бейне есебі клиентке жолданады. Сонымен қатар сайт арқылы құрбан етін алуға өтініш қалдыруға да болады.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар