Мазмұнға өту
· 16 қаралым

1,5 миллион халыққа арналған игілік

Сүйінші! Осы күнге де жеттік! Елордада құрылысы ұзаққа созылған ЛРТ ресми түрде іске қосылды. Еліміздегі теңдесіз жобаның лентасын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қиды.

Құрметті Президент мырза, ЛРТ жүйесін іске қосуға рұқсат беруіңізді сұраймыз. Рұқсат, бастайық жұмысымызды. Астана LRT іске қосылсын!

Сондай-ақ, президент бас қаладағы қоғамдық көлікке, соның ішінде ЛРТ жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың жұмысымен танысты. Мұнда 21 маман еңбек етеді. LRT инфрақұрылымында 18 станция мен заманауи депо бар. Бағыт бойынша жолдың ұзақтығы шамамен 40 минутты құрайды. Құрамдар сағатына 50-60 шақырым орташа жылдамдықпен 5-6 минут сайын жүреді. Президентке арнайы 001 сериялы көлік картасы берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жолаушылардың бірі ретінде «Әуежай» станциясынан отырып, «Ұлттық музей» аялдамасына дейін барған.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл қаланың орны ерекше. Келешекте Еуразиядағы көлік хабына айналдыру керек бұл жерді. 9 жолдың торабы болу керек. Сондықтан бұл оқиғаның мән-мағынасы өте жоғары. Сәтті болсын деп айтқым келеді.

Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында LRT жобасының екінші кезегі іске асырыла бастады. Атап айтқанда, «Астана-1» вокзалы, «Жағалау» шағын ауданы, Қосшы қаласы бағыты бойынша жаңа желінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 20 станциядан тұратын екінші кезеңнің жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайды.

← Барлық жаңалықтар