Мазмұнға өту
· 25 қаралым

Үлкен Алматы каналы жөнделіп жатыр

Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы адам танымастай өзгереді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи әрі қауіпсіз демалыс орнына айналмақ. Жоба 23 шақырым аумақты қамтып отыр. Қазіргі таңда канал түбін түбегейлі тазалау жұмыстары толық аяқталыпты. Енді көпірлерді жөндеп, абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру сияқты бірқатар демалушыларға қолайлылық жасалады, дейді қала әкімдігі.

ЕРКЕБҰЛАН ОМАРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА БАСҚАРМАСЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Каналдың басқа бөліктерінде жаяу жүргіншілер жолы, жарықтандыру жүйелері, қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылады. Жоба аясында канал бойында қорғаныс және техникалық жабдықтар қарастырылған. Бұл шешім судың ластануын азайтуға, жақын орналасқан ағаштардың тамыр жүйелерінен бетон қабырғаларының бұзылуын болдырмауға мүмкіндік береді.

← Барлық жаңалықтар