Тауға шығамын деп ажал құша жаздады. Алматылық құтқарушылар серуендеп жүріп, өзін жайсыз сезінген қала тұрғынын аман алып қалды. 2600 метр биікке көтерілген 63 жастағы ер адамның жүрегі кенеттен сыр беріп, төменге өз бетімен түсе алмай қалған. Сәтін салғанда, шұғыл жеткен құтқарушылар оны дереу тауып, алғашқы медициналық көмегін көрсетті. Кейін қауіпсіз жерге эвакуациялап, төменде күтіп тұрған жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстаған. Қазір жағдайы жақсы. Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігі туристерге тауға шығар алдында денсаулық жағдайын тексеріп, ауа райын ескеріп, үйдегілерге баратын бағытыңызды ескертіп алуға кеңес береді.