Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Жүк көліктерін заңсыз тіркеп, байыған

Ақтөбеде жүк көліктерін заңсыз тіркеген қылмыстық топтың ісі сотқа жолданды. Тергеу кезінде бес күдікті қамауға алынып, үшеуіне үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Қылмыстық топ міндетті төлемдерді жалтару үшін ауыр техникаларды есепке заңсыз қойған. Осылайша Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында 82 көлікті заңсыз рәсімдеген. Келтірілген шығын мөлшері – 705 млн теңге. Заңды белшеден басқан топтың құрамында 9 адам болған, олардың арасында автоинспектор мен нотариус та бар.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Клиенттер мессенджерлер мен интернет-ресурстар арқылы табылып, міндетті төлемдерсіз жүк автокөлікті тіркеу қызметтері ұсынылған. Келісім жасалғаннан кейін ұйымдастырушы көлік туралы мәліметтерді ішкі істер органдарының қызметкеріне беріп, ұқсас техникалық сипаттамалары бар, бұрын есептен шығарылған автокөліктерді іріктеткен. Мемлекетке келтірілген жалпы залал 705 млн теңгені құрады. Сот санкциясымен күдіктілердің 2,4 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды.

← Барлық жаңалықтар