Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Зауытта екі жұмысшы зардап шекті

Павлодардағы алюминий зауытында жайсыз жағдай болды. Өндіріс ошағында жиналып қалған материалдың бір бөлігі опырылып құлап, екі адам қиранды астында қалды.

АЛЕКСЕЙ ЧАБАНОВ, «ҚАЗАҚСТАН АЛЮМИНИЙІ» АҚ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ БАСШЫСЫ:

Оқыс оқиға қақтау цехындағы кептіру пешін тазалау кезінде болды. Жиналып қалған материалдың бір бөлігі құлаған. Соның салдарынан цехтың екі жұмысшысы жарақат алды. Ауыр зат машинистің аяғына түсіп, жіліншігін шығарып алды. Екінші жұмысшы да зардап шеккен.

Машинист жіліншігінен бөлек, жабық бас-ми жарақатын алғаны белгілі болды. Оған ота жасалды. Жағдайы орташа. Ал зардап шеккен екінші жұмысшы үйіне жіберілген. Өндірістік қауіпсіздік департаменті кәсіпорынға тексеру жүргізген соң, зауытта апат болған деген ақпаратты жоққа шығарды.

← Барлық жаңалықтар