Мазмұнға өту
· 24 қаралым

Көмірді қымбаттатып, халықтың қалтасын қаққан

Көмірді жөнсіз қымбаттатып, халықтың қалтасына салмақ салғандар жазаланды. Абай облысындағы «Қаражыра» компаниясы монополиялық әрекеті үшін 87 млн теңгеден аса айыппұл арқалады. Тергеу барысында алпауыт кәсіпорынның 2022 жылдың басында нарықтағы үстемдігін пайдаланып, қара отын құнын шарықтатып, халық есебінен миллиондаған заңсыз табыс тапқаны әшкереленді. Ал қалалық әкімшілік заң талаптарының өрескел бұзылғанын растады. Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне еніп, компания қомақты айыппұлды өз еркімен толық өтеген. Ал жұрттан заңсыз жиналған қаражат мемлекет қазынасына түгел қайтарылыпты.

← Барлық жаңалықтар