Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Нұрай Серікбайдың ісінде тың дерек

Нұрай Серікбайдың ісінде тың дерек. Жас қызды қатыгездікпен өлтірген күдікті араға бір ай салып, психикалық ауруханадан тергеу изоляторына қайта ауыстырылды. Жәбірленуші тарап адвокатының айтуынша, Алматы облысында жүргізілген сот-медициналық сараптаманың нәтижесі 28 жастағы жігіттің ақыл-есі дұрыстығын көрсетіпті. Қазір ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталуда. Бұл «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру», «Некеге мәжбүрлеу» және «Сталкинг». Еске салайық, қанды қылмыс осы жылдың қаңтар айында болған еді. Қаскөй 21 жастағы студент қызды асқан қатыгездікпен пышақтап өлтірген еді. Тергеу барысында күдіктінің Нұрайдың қыр соңынан қалмағаны, тіпті оны алып қашқаны анықталған.

← Барлық жаңалықтар