Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Соңғы қоңырау қалай өтеді?

Әне-міне дегенше тағы бір оқу жылы зу етіп өте шықты. Бірер күннен соң мектеп іші босап, оқушылар көптен күткен жазғы каникулға кетеді. Ал одан бұрын «соңғы қоңырау қалай өтеді?» деген сауал жұртты алаңдатып отыр. Бұл мәселеге Оқу-ағарту министрлігі үн қатып, егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Ведомство мәліметінше, мерекенің форматы мен креативті бағытын әр білім ордасы өзі шешеді. Ал оқу жылының аяқталу жиынындағы дәстүр, яғни мектепке және мұғалімдерге алғыс білдіру, өлең оқу, ән айту және түлектердің вальсіне рұқсат берілді. Сонымен қатар барлық мектепте «Білім — Отаныма!» тақырыбында сынып сағаттары өтпек.

← Барлық жаңалықтар