Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Астана ақ ұлпаға оранды

Астанада аллергиктердің ауруын қоздырып, өрт сөндірушілердің жұмысына жұмыс қосып беретін ақ ұлпаның маусымы басталды. Төтенше жағдайлар департаменті терек мамығына байланысты шұғыл ескерту жасады. Ведомство мәліметінше, ол өте тез тұтанғыш әрі үлкен аумақтарды қамтып, жоғары жылдамдықпен жанады. Сол себепті мамықты ойнап өрттеуге болмайды. Үйдегі ұл-қыздарға соны түсіндіріп айту керек. Мамандар баланың бір сәттік ермегі үлкен қатерге әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ аулаларда өрттің алдын алу үшін жиналған ақ ұлпаға су төгіп, оны тұрғын үйлер мен құрылыстардан аулақ алып тастаған жөн дейді.

← Барлық жаңалықтар